FoodMaster табиғи Грек йогурты 8,4%

FoodMaster Греческий йогурт Натуральный 8,4% - компания FoodMaster

Бұл йогуртті ежелгі гректерге Зевс Құдайдың өзі жіберген деседі. Оның ғажайып дәмін татқан кезде бұл тағамның шынымен де, жер бетінде дайындалмағанын сезесіз. Қалай болғанда да, грек йогуртін адамзат тарихының бастауында пайда болған ең алғашқы йогурттердің бірі деп санауға болады.

FoodMaster Грек йогуртін классикалық рецептура бойынша тек ең сапалы сүттен дайындайды. Ақуыз, кальций, дәрумендер және пайдалы микроорганизмдерге бай йогурт кәдімгі йогурттермен салыстырғанда қою әрі кілегейлі, сергітетін дәмімен ерекшеленеді. Бұл дәм бүкіл әлемнің көңілінен шықты. Оның танымалдығы артып келеді. Қазіргі уақытта йогурт тек ерекше дәмді тағам ретінде ғана қарастырылмайды. Тығыз консистенциясы мен ерекше құрамының арқасында грек йогурті аспаздыққа арналған әмбебап тағамға айналды. Аспаздар оны ерекше бағалайды. Ол жидектер, жемістер немесе көкөністер болсын, кез келген ингредиенттермен керемет үйлеседі. Сондай-ақ қаймақ, сарымай немесе ірімшікті алмастырып, күрделі ыстық тағамдарды дайындауға да қолданылады. Бұл бірегей өніммен жақынырақ танысыңыз. Одан да қызықты болу үшін FoodMaster Грек йогуртінің әр дәмінің астында сізді «ерекше» рецептілер күтеді.

Цацики грек тұздығы

  • Екі үлкен қиярды үккіштен өткізіңіз.
  • Ыдысқа салып, FoodMaster Табиғи Грек йогуртін қосыңыз.
  • Қоспаға ұсақтап туралған аскөк, жалбыз және сарымсақ қосыңыз.
  • Зәйтүн майы, лимон шырынын құйып, бұрыш себіңіз.
  • Араластырып, тоңазытқышқа 1 сағатқа қойыңыз.

Денсаулық коктейлі

  • Балдыркөк, қиярды және салат жапырақтарын блендерге салып, біртекті масса болғанша ұсақтаңыз.
  • Массаға FoodMaster Грек йогуртін қосып, аздап минералды су қосып, қайта көпсітіңіз.
  • Стақанға құйып ішіңіз, ас болсын!

Йогурт парфесі

  • Грек йогуртін ванильді қантпен және балмен араластырыңыз.
  • Креманкаларға бірінші қабат етіп құйыңыз.
  • Келесі қабат ретінде 1-2 ас қасық гранола салыңыз.
  • Содан кейін кез келген жидектен аздап салыңыз.
  • Барлық қабаттарды тағы бір рет қайталаңыз да, парфені жидектермен безендіріңіз.

100 г өнімнің тағамдық құндылығы:

8.4 г – май 4.5 г – ақуыз 6.4 г – көмірсу

100 г өнімнің энергетикалық құндылығы (калориялылығы):

119.0 ккал | 498.0 кДж

Жарамдылық мерзімі:

30 күн, тоңазытқышта сақтау

Сақтау температурасы:

4±2 °С

Қаптамасы:

0,130 кг | Пластик стақан