Біздің зауыттар

FoodMaster
сүт зауыты
ЕСІК
1995 жылы
Есік қалалық сүт зауыты
негізінде құрылды.
1995

Бұл жоғары сапалы отандық йогуртті Қазақстан нарығына шығарған алғашқы кәсіпорын. Бүгінде заманауи жоғары технологиялық зауыт тәулігіне 150 тоннаға дейін сүт өнімдерін өңдеуге қауқарлы.

1998 жылы әлемге әйгілі шведтік «Тетра Пак» компаниясының жоғары технологиялық желілерінде ультрапастерленген сүтті өндіру бойынша Қазақстандағы тұңғыш зауыт кәсіпорынның құрамына кірді.

2010 жылы зауытта халықаралық тәуекелдер мен қауіпті орындарды талдау жүйесі (ХАССП) енгізілді.

Зауыт 31 фермерлік шаруашылық пен 7 сүт жинау пунктінен сүт қабылдады.

150 Тәулігіне 150 тонна
сүт өнімдері
31 фермерлік шаруашылық
7 сүт жинау пункті
250 Зауыттағы қызметкерлер
FoodMaster
сүт зауыты
Шымкент
1998 жылы
Түркістан облысының Көк-Сәйек кентіндегі FoodMaster компаниясының бөлімшесі ретінде құрылды.
1998

Кәсіпорын өнімдері барлық халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келеді. Өндірілген өнім ассортименті мен көлемі үнемі өсуде.

Зауыт тұрақты түрде тәулігіне 100 тоннаға жуық табиғи сүт өнімдерін өндіреді. Зауытта 120-дан астам адам жұмыс істейді.

Кәсіпорын Түркістан облысы тұрғындарынан күн сайын сүт жинаумен айналысатын 16 фермерлік шаруашылықпен және 16 жеткізушімен жұмыс істейді.

100 Тәулігіне 150 тонна
сүт өнімдері
16 фермерлік шаруашылық
16 жеткізуші
120 Зауыттағы қызметкерлер
FoodMaster
сүт зауыты
Павлодар
2009 жылы
Павлодар сүт зауыты негізінде құрылды.
2009

FoodMaster компаниясы кәсіпорынды қайта құруға жаһандық инвестиция салды, енді өндіріс желілері компанияның барлық зауыттарындағыдай сақтау мерзімі ұзақ табиғи және сапалы өнім өндіруге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда «ФудМастер – Павлодар» зауыты автоматтандырылған өндіріс үрдістері мен сапаны бақылаудың көп сатылы жүйесі енгізілген және сәтті әрекет ететін ең заманауи сүт өндірісі алаңдарының бірі болып саналады.

Өнім өндіруге арналған сүт Павлодар зауытына 31 фермерлік шаруашылық пен 13 сүт қабылдау пунктінен жеткізіледі.

150 Тәулігіне 150 тонна
сүт өнімдері
13 сүт жинау пункттері
31 фермерлік шаруашылық
215 Зауыттағы қызметкерлер

Біздің фермалар

FoodMaster компаниясында Алматы және Павлодар облыстарында орналасқан екі ірі тауар-сүт фермалары бар. Бұл — компания инвестицияларының арқасында дамып, мал басын көбейтіп жатқан екі заманауи сүт кешені. Бүгінгі таңда фермалардағы бір сиырдан алынатын орташа сүт сауымы жылына 6 200 литрді құрайды, бұл республикалық орташа статистикалық көрсеткіштен 1,5 есе жоғары.

6 200

«МЕЖДУРЕЧЕНСК-АГРО» ЖШС

Өзінің егістік алқаптары бар, жеке жемшөп қорының арқасында сүт сауымының жоғары деңгейімен ерекшеленетін Алматы облысындағы ең ірі сүт кешені. Ферманың меншікті суармалы жерлерінде жоңышқа, жүгері, соя және басқа да азықтық дақылдар өсіріледі, бұл сауын сиырларды теңгерімді қоректендіруді қамтамасыз етеді. br/ >Фермада алатау (Brown Swiss) және голштин (Swiss Holstein) тұқымды асыл тұқымдар өсіріледі. Бұл сиырлар көбінесе Алматы облысында таралған, өйткені Іле Алатауының климаттық жағдайы осы тұқымдар үшін өте қолайлы.

«КИРОВА» ЖШС

Өз егістік жерлері мен жайылымдары бар алып фермерлік шаруашылықтар. Шаруашылық жерінің жалпы аумағы 30 000 га құрайды, оның 15 000 га - жайылым, 15 000 га - егістік жерлер. Фермада өсірілетін судан шөбі, бидай, жүгері, сұлы, күнбағыс, арпа және т.б. дақылдар бірегей жемшөп базасын құрайды. Бұл сауын сиырлардың сүт өнімділігін арттыруға септігін тигізеді. Қазіргі уақытта фермада 1 100-ге жуық сауын сиыр бар.
Бұл фермада сиырдың екі түрі: симменталь (Swiss Simmental) және қызыл голштейн (Swiss Red Holstein) асыл тұқымдары өсіріледі.